СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жақында облыс әкімі Қ.Ысқақовтың арнайы тапсырмасына сәйкес, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы – Асылбек Шаменов, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы – Әділхан Қарлыханов, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары – Жорабек Ерназаров ауданда жұмыс сапарымен болып қайтты.Жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Жұбанов басқарма басшыларынан құрылған жұмысшы топқа болуы ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында әзірленген материалдық-техникалық қорлардың дайындығы және аудан аумағындағы бірқатар гидротехникалық құрылғылар мен қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін таныстырып өтті.Сонымен қатар, биылғы жылы Сырдария өзенінен бастау алатын «Советжарма» каналына салынған екі көзді шлюз құрылысының, Аманөткел және Қаратерең елді мекендерінің тұсындағы қорғаныс бөгеттеріне жасалған жұмыстар реті пысықталды.
Сондай-ақ, сапар барысында стратегиялық маңызы бар «Ақлақ» су тоспасының қазіргі жұмыс істеу режимі тексерілді.
Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі










