Химиялық уланудың алдын алу
Химиялық заттармен улану-бұл ағзаға сырттан келетін заттардың әсерінен (өндірістегі улы заттар, тұрмыстық тазартқыштар мен жуғыш заттар, ағартқыштар, аэрозольдер, желімдер, бояулар және т.б) улану болып келеді. Химиялық зат пен ағзаның өзара әрекеттесу ұзақтығына байланысты улану жіті, жеделдеу және созылмалы түрінде жүреді:- Жіті улану шектеулі уақыт ішінде заттардың бір немесе бірнеше рет әсер теуі нәтижесінде дамиды, қарқынды клиникалық белгілермен көрінеді.
- Жеделдеу улану 90 күнге дейін токсиканттың үздіксіз немесе үзіліссіз әрекеті нәтижесінде дамиды.
- Созылмалы улану ағзаға аз мөлшерде улы заттардың түсуінен туындайды және ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда патологиялық құбылыстардың дамуымен байланысты.
Өндірістегі химиялық уланудың алдын алудың кейбір шаралары:
- Уытты заттарды өндіруде уыттылығы аз заттармен ауыстыру, өндірісті автоматтандыру, қашықтықтан басқару, жұмыс аймағының ауасындағы химиялық заттардың нормадан асқан кезде автоматты дабыл беру;
- Жарамды авариялық желдету;
- Кәсіпорындағы жұмыс қауіпсіздігі бойынша жаңа қызметкерлерге нұсқау беру;
- Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды химиялық заттардың құрамына өндірістік бақылауды ұйымдастыру;
- Жеке қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз ету және бақылау;
- Созылмалы уланудың ерте кезендерін уақытылы анықтау және олардың дамуын болдырмау үшін мерзімді медициналық тексерулер өткізу.
Күнделікті өмірде улану, әдетте, кездейсоқ емес, назар аудармау немесе қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін қарапайым, бірақ тиімді сақтық шараларын сақтау маңызды:барлық химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз, оларды ешқашан сусын контейнерлеріне құймаңыз, нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және жұмыс кезінде қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Улануға кез-келген күдік туындаған жағдайда жедел жәрдем шақыру керек және дәрігерлер келгенге дейін жәбірленушіге тыныштық пен таза ауаға қол жетімділікті қамтамасыз ету керек.
Қауіпсіздік туралы қамқорлық-бұл Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетін күнделікті жауапкершілік.А. САТЕКЕЕВА,
Басқарма басшысы
Фото: www.gov.kz










