Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дерматомикоз және оның алдын алу

Дерматомикоз және оның алдын алу

Дерматомикоз (трихофития, микроспария)–бұлмикроскопиялық (грибок) саңырауқұлақтар  тудыратын  адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы.
Аурудың көзі –осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит, мысық, төрт түлік мал)немесе науқас  адам болып табылады. Аурудың  басты белгілері көбіне денеде, бастың шаш бөлігінде , тырнақта  пайда  болуы  мүмкін, ауру біртіндеген қызғыш  немесе қызарған дақтардың пайда болуынан  басталып, одан әрі көптеген ошақтарға айналады. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану),шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.
Ауру науқас адам немесе жануарлармен тікелей қарым-қатынаста  болған жағдайда жұғады, сонымен қатар науқас адамның заттарын (киім, бас киім , тарақ, қайшы, төсек жабдықтары)қолданған кезде жұғады.
Арал ауданы бойынша дерматомикоз тері ауруы 2023 жылы -23 ауру тіркелген, 2024 жылы - 25ауру, 2025 жылы -13 ауру тіркелді.
2024жылы  тіркелген аурулардың 3 жағдай қаңғыбас мысықтан жұққан болса, 6 жағдай бір-бірімен байланыс арқылы жұққаны,6 жағдайжеке қожалығындағы мысығынан және малдардан жұққаны, 8 жағдайда жұғу жолы белгісіз екені анықталды.
Дерматомикоз тері ауруларының жұғу жолдарына эпидемиологиялық  зерттеулер жүргізгенде аурулардың бір ошақта 2-3 жағдайдан тіркелуі отбасында алғашқы ауырған науқасты дер кезінде емдемегендіктен, яғни аурудың тұрмыстық  қарым-қатынастық жолмен таралған.  Мысықтан, иттен, жеке қожалықтағы малдар дерматомикоз тері ауруымен ауырған кезде уакытылы ветеринариялық дәрігерге  емдетпеу  салдарынан   адамға ауру жұққан.
Дерматомикоздың алдын алу іс-шаралары:
-жеке гигиеналық заттарды қолдану;
-Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру, үй жануарларын(ит, мысық) күту, ойнату кезінде сақтық шараларын сақтау.
-Үйдегі ит-мысықтардың денесінен ауру белгілерін байқасаңыз, олармен балалардың ойнауыншектеп , тез арада ветеринар маманға көрсетіңіз.
Емделуді ұзақ уакыт кейінге қалдыру  аурудың қозуына әкеліп соқтырады және теріде қоздырғыштар  қалып, созылмалы ауруға ұласады.
Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматолог дәрігеріне көріну керек екендігін есте сақтаңыздар!
А. САТЕКЕЕВА,
Бөлім басшысы

Фото: www.gov.kz
12 ақпан 2026 ж. 89 0