Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дерматомикоз ауруынан сақтану шаралары

Дерматомикоз ауруынан сақтану шаралары

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобы.
Дерматомикоз саңырауқұлақтарды жұқтырғаннан кейін дамитын жұқпалы аурулар қатарына жатады. Ауру бүкіл денеге тарайды, қаупі көбінесе созылмалы түрде өтеді, яғни асқыну қаупі әрдайым бар. Ересек адамдар да , балаларда дерматомикозбен ауырады. Инфекция көзі ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер болып табылады.Ол күнделікті тұрмысқа қолданылатын заттар (тарақ, жөке, киімдер) арқылы , ауру адамның заттарын ортақ пайдаланғанда , үй жануарлары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде жұғуы ықтимал. Адамдар сонымен қатар , көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су коймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері), жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі , бас киімдері, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады.
Аудан бойынша дерматомикоз тері аурулары 2021жылы – 12 ауру тіркелді , оның 14 жасқа дейінгі бала саны-11, 2022 жылы барлығы- 26 ауру тіркелді, оның 14 жасқа дейін бала -23. Өткен 2021 жылмен салыстырғанда 14 науқасқа көбейген, яғни ауру деңгейі 2,2 есеге өскен. Жақын қарым-қатынастағы 297 адам тері ауруына тексеріліп, 4 науқас анықталған. Дерматомикоз тері ауруларының жұғу жолдарына эпидемиологиялық зерттеулер жүргізгенде аурулардың бір ошақта 2-3 жағдайдан тіркелуі отбасында алғашқы ауырған науқасты дер кезінде емдемегендіктен, яғни аурудың тұрмыстық қарым-қатынастық жолмен таралған. Мысықтан, иттен, жеке қожалықтағы , малдар дерматомикоз тері ауруымен ауырған кезде уакытылы ветеринариялық дәрігерге емдетпеу салдарынан адамға жұққан.
Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.
Дерматомикоздың басты белгілері:
-терідегі қызарған жерлер;
- Аяқ-қол тырнақтарының сынғыштығы;
-тері қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;
-бөртпе, көпіршіктердің пайда болуы;
Дененің қышуы, ашуы.
Дерматомикоздың алдын алу іс-шаралары:
-жеке гигиеналық заттарды қолдану;
-Қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;
-Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру, үй жануарларын(ит, мысық) күту ойнату кезінде сақтық шараларын сақтау.
-Үйдегі ит-мысықтардың денесінен ауру белгілерін байқасаңыз, олармен балалардың ойнауыншектеп , тез арада ветеринар маманға көрсетіңіз.
Емделуді ұзақ уакыт кейінге қалдыру аурудың қозуына әкеліп соқтырады және теріде қоздырғыштар қалып, созылмалы ауруға ұласады.
Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматолог дәрігеріне көріну керек екендігін есте сақтаңыздар!
К. ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,
Арал аудандық СЭБ басқарма бас маманы 
09 ақпан 2023 ж. 611 0