Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмаудың белгілері: дене қызуы 38-390С-қа дейін көтеріледі, кей жағдайда одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Денеде әлсіздік болып,бас және бұлшық еттер ауырады, көзі жасаурап, қызарады,мұрын бітіп, тамағы қарлығады.
Тұмау ауруының қауіптілігі сонда, тұмаудан кейін қайталап ауырып, әртүрлі күрделі асқынуларға жалғасып, оның жедел және созылмалы түріне өтуі мүмкін. Бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жолдары ағзаларының ауруларын туғызады, қызметін қиындатады. Бұл көп ретте науқастардың төсек тартып жатып қалуына, еңбектен қол үзуіне әкеліп соқтырады.
Тұмау ауруының алдын алу шараларының тиімді және сенімді жолы-осы жұқпаға қарсы халықты жыл сайын вакцинациялау болып табылады.
Вакцина ересектерді де, балаларды да тұмаудан қорғап қана қоймай, оның асқынуларынан және өлімнен де қорғай алады. Бұдан басқа тұмау және сол тектес аурулардың алдын алу шараларына сонымен қатар бөлмені желдету, дәрумендерге толы, әсіресе, құрамында «С» дәрумені бар тағамдарды пайдалану, маскаларды қолдану, қолды сабындап жиі жуу, ансептиктермен залалсыздандыру , тұмауға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау, адамдар көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтау, дене қимылымен, спортпен айналысу, таза ауада жиі жүру секілді қарапайым қағидалар да жатады.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото:kptd.ru