Тұмау жұқпасының алдын алу шаралары

Тұмаудың клиникалық белгілері: ауру жедел басталады,жеңіл,орташа немесе ауыр клиникалық формада өтеді. Науқастың дене қызуы 38-390С-қа дейін көтеріліп, бас ауру, жөтел, бұлшық еттердің ауруы, әлсіздік пайда болады.
Балалар үшін қауіптілігі - дер кезінде емделмесе, пневмонияға, менингитке, отит, менингоэнцефалитке, гайморит сияқты ауруларға ұласып , асқынып кетуі мүмкін.
Тұмау ауруының алдын алу шараларының ең тиімді әдісі індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егілу (қыркүйек -қазан айлары). Егілу 40-70 % дейін ауруға шалдығуды азайтады. Вакцина алғандардың арасында аурудың ауыр түрі, асқынуы сирек кездеседі.
Індет кезіндегі профилактикалық шаралар:
- Құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз. Сұйықтықты, әсiресе лимон, бал, таңқурай, итмұрын қайнатпалары қосылған шәйдi, минералды суды көбiрек iшу қажет.
-Көпшілік жерге барғанда, науқастармен байланыста болған кездері медициналық бетперде тағу.
-Үй-жайларды, балалардың ұйымдасқан ұжымдарында топ, оқу бөлмелерін жиі желдетіп, ылғалды жуып-шаю жұмыстарын жүргізу.
- Тұмау ауруының алдын алуда ағзаны жүйелі шынықтырудың үлкен маңызы бар. Таза ауада көп жүру, дене шынықтыру және спортпен айналысу аурулардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы