Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дерматомикоз ауруының қалай алдын алуға болады?

Дерматомикоз ауруының қалай алдын алуға болады?

Дерматомикоз (трихофития, микроспария)–бұл микроскопиялық (грибок) саңырауқұлақтар тудыратын адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы.
Аурудың көзі –осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит, мысық, төрт түлік мал)немесе науқас адам болып табылады. Аурудың белгілері көбіне денеде, бастың шаш бөлігінде , тырнақта пайда болуы мүмкін, ауру біртіндеген қызғыш немесе қызарған дақтардың пайда болуынан басталып, одан әрі көптеген ошақтарға айналады. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану),шаштың түсуі көбіне жас бүліршіндерде кездеседі.
Ауру науқас адам немесе жануарлармен тікелей қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады, сонымен қатар науқас адамның заттарын (киім, бас киім , тарақ, қайшы, төсек жабдықтары)қолданған кезде жұғады.
Арал ауданы бойынша дерматомикоз тері ауруы 2022 жылы -26 жағдай тіркелген, аудандық көрсеткіш –31,9. 2023жылы - 23 жағдай ,оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала- 21 жағдай, аудандық көрсеткіш – 28,0.
2023жылы тіркелген аурулардың 5 жағдай қаңғыбас мысықтан жұққан болса, 8 жағдай бір-бірімен байланыс арқылы жұққаны, 3 жағдай жеке қожалығындағы мысығынан және малдардан жұққаны, 7 жағдайда жұғу жолы белгісіз екені анықталды.
Дерматомикоз тері ауруларының жұғу жолдарына эпидемиологиялық зерттеулер жүргізгенде аурулардың бір ошақта 2-3 жағдайдан тіркелуі отбасында алғашқы ауырған науқасты дер кезінде емдемегендіктен, яғни аурудың тұрмыстық қарым-қатынастық жолмен таралған. Мысықтан, иттен, жеке қожалықтағы малдар дерматомикоз тері ауруымен ауырған кезде уакытылы ветеринариялық дәрігерге емдетпеу және қаңғыбас ит, мысықтардың көбейіп кету салдарынан адамға ауру жұққаны белгілі болған.
Дерматомикоздың басты белгілері:
- Аяқ-қол тырнақтарының сынғыштығы;
-теріде қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;
-бөртпе, көпіршіктердің пайда болуы;
Дерматомикоздың алдын алу іс-шаралары:
-жеке гигиеналық заттарды қолдану;
-Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру, үй жануарларын (ит, мысық) күту, ойнату кезінде сақтық шараларын сақтау.
-Үйдегі ит-мысықтардың денесінен ауру белгілерін байқасаңыз, олармен балалардың ойнауын шектеп , тез арада ветеринар маманға көрсетіңіз.
Емделуді ұзақ уакыт кейінге қалдыру аурудың қозуына әкеліп соқтырады және теріде қоздырғыштар қалып, созылмалы ауруға ұласады.
Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматолог дәрігеріне көріну керек екендігін есте сақтаңыздар!

Арал аудандық СЭБ басқарма
басшысы А.САТЕКЕЕВА

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
06 ақпан 2024 ж. 496 0