Ауғанстанда 6,3 магнитудалық жер сілкінісі болды: Жеті адам қаза тапты
Дүйсенбіге қараған түні Ауғанстанда болған жер сілкінісі салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 150 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Жерасты дүмпуінің күші 5 баллға дейін жеткен.
“2025 жылы 3 наурызда Мәскеу уақытымен 23:29-де сағат Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болды. Тереңдігі – 30 шақырым. Эпицентрі – Саманған, Ауғанстан”, – деп мәлімдеді республиканың ТЖМ сейсмологиялық мониторинг орталығы.
Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпулері Өзбекстан аумағында Сурхандария облысында – 5 балл, Қашқадария облысында – 3-4 балл, тағы бес өңірде – 3 балл, ал Ташкентте – 2-3 балл болып сезілген.
syrboyi.kz
Фото: AP Photo /Wahidullah Kakar










