Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда тағы да жер сілкінді

Ауғанстанда тағы да жер сілкінді

"СОМЭ" сейсмикалық станцияларының желісі Ауғанстан аумағындағы кезекті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 18 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 08:56-да болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 835 шақырымда - Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.0.

MPV магнитудасы - 5.2.

Тереңдігі - 15 км.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Сондай-ақ Ауғанстан аумағында қирандылар, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы да деректер жоқ.

Айта кетсек, 7 қазанда Ауғанстанды 6,2 баллдық жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.

Рихтер шкаласы бойынша 6,3 баллдық тағы бір күшті жер сілкінісі Ауғанстанда 15 қазанда болды. Ресми мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 150 адам зардап шеккен, сонымен қатар бір адам қаза тапқаны туралы ақпарат бар.
18 қараша 2023 ж. 788 0