Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "А" вирусты гепатиттің алдын алу

"А" вирусты гепатиттің алдын алу

Вирустық гепатиттердің немесе халық арасында «сары ауру» атауымен танымал жіті вирусты гепатиттерлің ғылымға белгілі А, В, С, Д, Е тәрізді бес түрі бар.

Вирустық жіті гепатиттер жіктелуі 2 топқа бөлінеді: энтеральдық және парентералдық вирусты гепатиттер.Энтеральды вирусты гепатиттердің «А», «Е»түрлерінде ауру қоздырғыштары- вирустар адамға вируспен ластанған су,тағамжәне тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұқса,вирусты гепатиттердің«В», «С», «Д» түрлерінде ауру қоздырғыштары парентеральдық жол, яғни қан арқылы, оның ішінде толық тексерілмеген донор қанын құю, дұрыс стерильденбеген медициналық және косметикалық құралдарды қолданғанда жұғады. Сонымен қатар туыстары науқас адамның сүлгісін, тіс щеткасын, ұстарасы мен жөкесін, тырнақ әдемілейтін заттарын ортақ пайдаланғанда қарым-қатынас арқылы жұқтырады. Ауру анадан босанар кезде сәбиіне жұғады.
Вирусты гепатиттермен ауырған кезде науқас адамда бауыр жасушалары зақымдалады.
Вирусты гепатиттердің ішінде «А» вирусты гепатит- вирусты ішек инфекцияларының ішіндегі дүние жүзіне ең көп таралған жұқпалы аурулардың түрі . Ауру қоздырғышы ауыз қуысы арқылы адам ағзасына еніп ,ең алдымен бауырды зақымдайды.Жұқпамен негізінен 2 мен 14 жас аралығындағы балалар ауырады. Олар барлық ауруға шалдыққандардың 80 пайыздан астамын құрайды.Аурушаңдық жылдың барлық мезгілінде тіркеледі, дегенмен оның жиі тіркелуі жылдың жазғы-күзгі мезгілдерінде байқалады .
Аудан бойынша үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында «А» вирусты гепатит жұқпасының 5 жағдайы тіркеліп, оның 3-і (60%) 14 жасқа дейінгі балалар болса, 1 жағдайы жасөспірімдер арасында, 1 жағдайы ересек адамдар арасында тіркелген. Өткен жылдың осы мерзімінде 1 жағдайы тіркелді, ересек адам. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 4 жағдайға,балалар арасында 3 жағдайға өскен.
«А» вирусты гепатитпен тек адам ауыратындықтан ,аурудың жұғу көзі-науқас адам. Жұқпаның берілу жолдарында су, тағам,тұрмыстық жанасу жолдары үлкен орын алады. Сонымен қатар ауру қоздырғышын таратуда шыбынның ролі зор.
Ауру қоздырғышы-вирус,қоршаған ортағаөте төзімді,-20 0 С-та бірнеше жыл, 18-220 С –та бірнеше апта , нәжісте 1 ай, суда 3-10 айға дейін сақталып, 100 0 С температурада қайнатқанда 4 минут ішінде ,ультракүлгін сәулемен шарпығанда 1 минутта, ал құрамында хлоры бар препараттың әсерінен 15 минуттан кейінөледі.
Қоздырғыш адам ағзасына түскеннен кейін жасырын кезеңде (сарғаюдың алды) орташа есеппен 14-35 күн арасында ауру белгілері пайда болады. Кей жағдайда тұмауға ұқсас өтуі де мүмкін,яғни дене қызуы 38-390 С-қа көтеріліп, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, бұлшық еттердің ауруы сезіледі.Кейін аурудың клиникалық белгілері дамып, асқазан ішек қызметі бұзылады: тәбет төмендеп, лоқсу,кейде құсу, ауыздағы ащылық, кекіру, іш қату немесе іш өту белгілері пайда болып,оң жақ қабырға асты сыздап ауырады және бауыр көлемі үлкейеді, кіші дәрет түсі қоңырланып, нәжіс түссізденеді, тері қабаттары,көздің ақ қабығы сарғаяды. Кейбіреулерінде қышыну белгілері болады. Науқас сарғайғанға дейінгі кезеңдерде айналасына қауіпті,өйткені ол «А» вирусты гепатитпен ауырғанын білмей, денсаулығына жеңіл желпі-қарап, аурудың алғашқы белгілерінде емделмей,сыртқы ортаға көп мөлшерде вирус бөліп, өзімен қарым-қатынаста болған адамдарға жұқтырады.
Басқа ішек инфекциялары сияқты «А» вирусты гепатиттің алдын алу шараларына келетін болсақ:
Негізінен әлеуметтік жағдайларға,соның ішінде халықтың сапалы ауыз сумен, тағаммен қамтамасыз етілуіне , коммуналдық және санитарлық ағарту деңгейіне байланысты.
«А» вирусты гепатиттің ерекше профилактикасы вакцинациялау болып табылады. Алдын ала егу шарасының күнтізбесіне сәйкес балалардың 2 жасынан бастап «А» вирусты гепатитке қарсы егу шарасы жүргізіліп келеді. Соның арқасында республика бойынша аурушаңдықтың тіркелу деңгейі төмендеп отыр, соңғы7-8 жыл шамасында аудандағы балалар арасында жұқпа мүлдем тіркелген жоқ. Сондықтан ата-аналар, балаларыңызды «А» вирусты гепатитке қарсы уақытылы ектіру-аурудың алдын алу шараларының негізгі жолдарының бірі болып табылатындығын тағы да естеріңізге саламыз.
О. МОШАНОВ,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
20 шілде 2023 ж. 401 0