Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «В» және «С» вирусты гепатиттің негізгі белгілері

«В» және «С» вирусты гепатиттің негізгі белгілері

Вирустық гепатит сырқаты дүниежүзінде өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Барлық жұқпалы аурулардың ішінде вирусты гепатиттер ең көп тараған ауруларға жатады. Жиілігі бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциялар, жедел ішек жұқпалы ауруларынан кейінгі орын алады. Вирустық гепатиттің клиникалық белгілері ұқсас және көп жағдайда бауырға зақым келтіретін вирустық этиологиядағы аурулардың үлкен тобы.
Вирустық гепатит – негізінен бауырдың зақымдалуымен сипатталатын, берілу механизмдері әр түрлі жұқпалы аурулар тобы. Бауыр – адам ағзасының ең маңызды мүшесі, ол ас қорыту пороцессіне қатысып қана қоймай сондай-ақ, ағзадағы маңызды «сүзгі» болып табылады.
Гепатиттің қауіпті түрлері В, С көптеген жылдарға созылуы мүмкін және цирроз бен бауыр обырына әкелуі мүмкін.
«В» вирустық гепатиті - қоздырғышы «В» гепатитінің вирусы болып табылатын жұқпалы ауруы, әртүрлі клиникалық нұсқада жүргізіледі (асимптоматикалық тасымалдаудан бауыр паренхимасының бұзылуына дейін). Вирус әртүрлі физикалық және химиялық факторлармен ерешеленеді. Бөлме температурасындағы сыртқы ортада ВВГ: тіпті ұстараның жүзінде, ине ұшында, кепкен, тіпті, білінбейтін қан дағында бірнеше апта сақталып қалуы мүмкін.
«С» вирустық гепатиті - қоздырғышы «С» гепатиті вирустық гепатиттің ең ауыр түрі немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. Бұл инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе жастарда кездеседі. Ауру өседі. Ауру көбінесе қан арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады.
Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде «С» гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі.
«В» және «С» гепатиттері вирустарының негізгі берілу жолдары:
• жыныстық қатынас жолымен;
• қоздырғыш енген қанды құю;
• тігінен (вирусты жұқтырған ананың жүктілік кезінде, босанған, емізген уақытта балаға);
• қоздырғыш енген медициналық аспаптарды қолдану;
• вирустық гепатитпен ауыратын науқастардың тұрмыстық заттарын пайдаланған сәтте (тіс щеткалары, майлықтар, ұстаралар).
Қазақстан Республикасында созылмалы вирустық гепатиттер көбінесе еңбекке қабілетті жас шақта дамитын әлеуметтік ауру болып табылады. Сол себепті елімізде созылмалы вирустық гепатиттің алдын алу, анықтау және оны емдеу денсаулық сақтау саласының бірінші кезекте тұрған мәселелерінің бірі.
Вирустық гепатит жіті және созылмалы клиникалық белгісі болады. Жіті вирустық гепатит аурудың бірнеше айға дейін созылатын түрі, ал созылмалы вирустық гепатит бауырдың алты және одан да көп айға созылатын қабынған ауыру түрі. Созылмалы түрі өз бетімен дамуы немесе емделмеген жіті вирустық гепатиттің жалғасы болуы мүмкін.
Созылмалы вирустық гепатитке бауыр ауруының мына түрлері жатады:
• созылмалы вирустық «В» гепатиті;
• созылмалы вирустық «С» гепатиті .
Созылмалы вирустық гепатиттің көрініс табуы, әдетте, кезеңдік болып келеді. Созылмалы гепатит жасырын күйде (біраз уақытқа дейін) болып, клиникалық байқалмауы мүмкін және оның алғашқы белгілері мыналар болып табылады:
• бауыр көлемінің ұлғаюы;
• іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
• оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
• әлсіреу және шаршау;
• тәбеттің болмауы, жүрек айнуы;
• кіші дәреттің күңгірттенуі;
• үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
• терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру);
• «бауыр белгілері» - дене және көз терісінің жұлдызша түріндегі капиллярлардың кеңеюі, «бауырлық алақандар» - алақандардың қызаруы;
• қан ұюының бұзылуы, мұрыннан қан кету және көгерулердің оңай пайда болуы.
Вирустық гепатит - емдеп жазғаннан бұрын, алдын алуы оңайға соғатын өте кең таралған қауіпті жұқпалы ауру. Сондықтан, осы белгілер байқалған адам, бірден медицина мамандарына барып қаралуы қажет.
А. БАЛШАМБАЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының басшысының уақытша міндетін атқарушы            
        
03 тамыз 2022 ж. 2 206 0