"Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды
"Қайрат" командасы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Маусымның соңғы турындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті.
Бірінші таймда "Астананың" ойыншысы Марин Томасов 15-минутта қожайындардың қақпасына алғашқы голды соқты.
Алматылықтар есепті тек 56-минутта теңестіре алды. Голдың авторы – Дастан Сатпаев.
1:1 есебі "Қайратты" жеңіс жолына жетеледі, өйткені команда турнир кестесінде бірінші орында тұрған еді.
Айта кетейік, "Қайрат" қатарынан екінші жыл және клуб тарихында бесінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Алматылықтар 2026/27 жылғы еурокубок маусымында қайтадан УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Команда өз жолын турнирдің алғашқы іріктеу кезеңінен бастайды.
Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі









