Еуропа лигасы. "Ордабасы" "Торпедоны" екінші ойында да ұтты

Шымкент қаласының командасы Еуропа лигасы ойындарына алғаш рет 2013 жылы қатысты. Бірінші іріктеу кезеңде Сербияның "Ягодина" клубынан өтті. Екінші кезеңде Норвегияның "Русенборг" командасынан аса алмаған еді. 2016, 2017 және 2018 жылдары команда бірінші іріктеуден өте алмай, жарысты ерте аяқтап келген. Биыл "Ордабасы" екінші іріктеу кезеңде Чехияның "Млада Болеслав" клубымен ойнайды. Бірінші ойын 25 шілде күні Чехияда, қарымта ойын араға бір апта салып Шымкентте өтеді. Айта кетейік, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шыққан тағы екі қазақстандық клуб бар. Бірі - "Астана", бірі - "Қайрат". Елордалық команда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмай, осында ауысса, Алматының командасы бірінші кезеңде "Широки Бриегті" жарыс жолынан шығарды. Қостанайдың "Тобыл" клубы болса Люксембургтің "Женесс" командасын жеңе алмай, жарысты ерте аяқтады