Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду Португалияны Ұлттар лигасы финалына шығарды

Роналду Португалияны Ұлттар лигасы финалына шығарды

Футболдан Португалия ұлттық құрамасы Ұлттыр лигасының финалына шықты. Жартылай финалда бұл құрама Швейцарияны 3:1 есебімен ұтты. Команда сапында үш голды да Криштиану Роналду соқты. Екі құрама Портудағы "Драгау" стадионында ойнады. Бірінші 25 минутта соғылды. Криштиану Роналду айып добын асқан шеберлікпен орындап, есеп ашты. Екінші тайм швейцариялық футболшылар сәтті бастады. Шабуылдарын үдетіп, таразы басын теңестіруге асықты. Олардың бұл ойын жүйесінен нәтиже де шықты. 57 минутта бас төреші VAR жүйесіне жүгініп, соңынан алаң иелері қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Рикарду Родригес мүлт кеткен жоқ. Ойын аяқталар тұста Португалия құрамасы жеңіске бастар жолды тапты. 88 минутта Бернарду Силва берген пасты Роналду сәтті пайдаланып, Португалияны алға шығарды. Араға 2 минут Роналду хет-трик жасап, командасын финалға алып шықтыПортугалия құрамасының финалдағы қарсыласы бүгін түнде анықталады. Англия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойында жеңгенімен кездеседі. Бұл кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 00:45-те басталады. Ұлттар лигасының финалдық кезеңі Португалия жерінде өтеді. Үшінші орынның ойыны 9 маусым күні, финал 10 маусым күні түнде болады. Айта кетейік, Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады.
06 маусым 2019 ж. 1 208 0