"Ливерпуль" Чемпиондар лигасы-2019 жеңімпазы атанды

Ойын басындағы бір голдан кейін шабуылдар бірсыдырғы жалғасты. Қауіпті сәттер болғанмен, көп гол соғылмады. Кездесу аяқтала бастағанда "Тоттенхэм" тәуекелге бел буды. Шабуылды үдетіп, таразы басын теңестіруге асықты. Бірақ 87 минутта Дивок Ориги өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, "Ливерпульдің" екінші голын соқты. Бұл командаға айқын жеңіс сыйлады.