Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 мың жанкүйердің көзінше: "Қайрат" адам сенгісіз камбэк жасады

18 мың жанкүйердің көзінше: "Қайрат" адам сенгісіз камбэк жасады

Алматылық «Қайрат» 18 шілде кешкі уақытта Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өз алаңында босниялық «Широки Бриегпен» жауапты матч өткізді

Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды. Екінші таймның соңында алматылықтар гол жіберіп алып, кейін өздері де есесін қайтарды. 
90-шы минутта «Қайраттың» хорватиялық қорғаушысы Дино Миканович ереже бұзды. Ал оның отандасы Дражен Багарич пенальти соғып, «Широки Бриегті» жеңіске бір қадам жақындатты. Алайда осыдан кейін «Қайрат» адам айтса нанғысыз камбэк жасады. 
92-ші минутта ойыншыны сәтті алмастырған 21 жастағы жартылай қорғаушы Рамазан Оразов гол соқса, 93-ші минутта хавбек Исламбек Қуат ерекше көзге түсті.  
«Қайраттың» Instagram желісіндегі парақшасында ойынды көру үшін Алматы стадионына 18 мың жанкүйердің келгені туралы жазылған.
Бірінші ойында «Қайрат» Эсеолдің дублінің арқасында Боснияда «Широки Бриегті» 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, алматылықтар жалпы 4:2 есебімен жеңіске жетіп отыр.
Еуропа Лигасының екінші раундында алматылықтардың қарсыласы израильдік «Хапоэль» болады. Бірінші матч 25 шілде күні Израильде өтеді. Ал 1 тамыз күні командалар Қазақстанда кездеседі. Бұрын-соңды бұл екі клуб бір-бірімен кездесіп көрген емес.
19 шілде 2019 ж. 987 0