"Астана" Алтыншы жыл қатарынан ел чемпионы атанды

Ел чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда чемпион анықталды. Қостанайда өткен "Тобылға" қарсы ойында "Астанаға" жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Юрий Логвиненко соқты. Ал чемпиондық атаққа үмітті болып келген "Қайрат" Павлодарда "Ертістен" 5:0 есебімен ұтылды.
ХХХІІ турда "Ордабасы" "Атырауды" ұтып, үшінші орынға көтерілді. Бірінші лига ойындарының нәтижесі бойынша "Қызылжар" мен "Каспий" клубтары премьер-лигаға шықты. Петропавл қаласының командасы араға 1 салып оралса, ақтаулық команда 2001 жылдан бері жоғарғы лигада ойнамаған. Қосымша бір жолдамаға "Ақжайық" таласады. Қарсыласы премьер-лиганың соңғы турында анықталады. Ел премьер-лигасының соңғы туры 10 қараша күні өтеді.
ХХХІІ тур нәтижелері: "Ақтөбе" - "Шахтер" 3:2
"Атырау" - "Ордабасы" 1:3
"Тараз" - "Қайсар" 2:1
"Ертіс" - "Қайрат" 5:0
"Оқжетпес" - "Жетісу" 1:1
"Тобыл" - "Астана" 0:1