Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-лига: «Атырау» мен «Тараз» тең тарқасты

Премьер-лига: «Атырау» мен «Тараз» тең тарқасты

Футболдан премьер-лиганың 13-турында «Атырау» мен «Тараз» кездесіп, тең тарқасты.

«Атырау» нағыз турист команда. Стадионы талапқа сай болмағандықтан өз алаңындағы ойындарды бірнеше қалада өткізіп үлгерді. Бұған дейін елорда мен Шымкенттің стадиондарын жалға алып жүрсе, осы жолы «Таразбен» Көкшетауда кездесті.
Турнир кестесінің соңғы жағында келе жатқан екі команда үшін жеңіс керек еді. Бірақ аутсайдерлердің өзара кездесуі тең аяқталды. 
Жалпы бұл турда фавориттер ұпай жоғалтқан жоқ. Турнир кестесінде де алты команда алға шықты. 
«Атырау» (Атырау) – «Тараз» (Тараз) – 1:1.
Голдар: Лобжанидзе, 66-пенальтиден (0:1). Бьедов, 81 (1:1). 
«Атырау»: Логиновский, Бьедов, Воменко (Кубик,73), Жунич, Загинайлов (Родионов, 53), Калмұратов, Аблитаров, Макуов, Оспанов (Ельтезеров, 90+2), Сергиенко (к), Шабаев.
«Тараз»: Сейсен, Әмірханов (к), Лобжанидзе, Мартинс, Ньюадзи (Эливелто Рибейро, 69), Пикалкин, Айтбаев, Суботич, Сүлей (Қараман, 88), Таубай, Шадманов. 
Бас төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған). 
Көкшетау. «Оқжетпес» стадионы. 200 көрермен.

https://baq.kz 

03 маусым 2019 ж. 749 0