Дерматомикоз ауруының алдын алу

Аурудың көзі – осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит, мысық, төрт түлік мал) және науқас адам болып табылады.Ауру науқас адам немесе жануарлармен тікелей қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады, сонымен қатар науқас адамның заттарын (киім, бас киім , тарақ, қайшы, төсек жабдықтары)ортақ пайдаланған кезде жұғады.
Аурудың басты белгілері көбіне денеде, бастың шаш бөлігінде, тырнақта пайда болуы мүмкін, ауру біртіндеп қызғыш немесе қызарған дақтардың пайда болуынан басталып, одан әрі терідекөптеген жараларға айналады. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), шаштың түсуімен байқалады , ауру көбінесе балаларда жиі кездеседі.
Арал ауданы бойынша дерматомикоз тері ауруы 2023 жылы - 23 ауру тіркелген, барлығы 14 жасқа дейінгі бала. 2024жылы - 25 ауру тіркелсе ,оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала- 24.
2024жылы тіркелген 25 аурудың 6 жағдайда бір-бірімен қарым-қатынас арқылы ауру жұққаны,11 жағдайдажеке қожалығындағы мысығынан және малдардан жұққаны анықталды, 8 аурудың жеке бас гигиенасын сақтамау салдарынан ауру жұқтырғаны белгілі болды.
Дерматомикоздың алдын алу шаралары:
-жеке гигиеналық заттарды қолдану;
-Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру, үй жануарларын(ит, мысық) күту, ойнату кезінде сақтық шараларын сақтау.
-Үйдегі ит-мысықтардың денесінен ауру белгілерін байқасаңыз, олармен балалардың ойнауыншектеп , тез арада ветеринар маманға көрсетіңіз.
Емделуді ұзақ уакыт кейінге қалдыру аурудың қозуына әкеліп соқтырады және теріде қоздырғыштар қалып, созылмалы ауруға ұласады.
Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматолог дәрігеріне көріну керек екендігін есте сақтаңыздар.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Фото: Нұрболат Нұржаубай