Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Ішкі істер Министрлігінң және Қызылорда облыстық полиция департаментінің нұсқаулығына сәйкес,  ағымдағы жылдың 15-22 ақпан  аралығында   «Тұрмыс»  жедел профилактикалық іс-шарасы  өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты қылмыстық жағдайды жақсарту, мас күйіндегі ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы келеңсіздіктердің алдын алу болып табылады.
Іс-шараға 38 қызметкер жұмылдырылып, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және полицияның қоғамдық көмекшілерінен бірлескен топтар құрылды.
Іс-шара аясында әйелдер мен балалардың құқықтарының бұзылуының және оларға қатысты кемсітушіліктердің және зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу бағытында, іс-шараға жұмылдырылған топтармен бірге, отбасы тұрмыстық саласында  құқық бұзушылықтар жасаған азаматтардың тұрғын үйлері араланып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары және  профилактикалық бақылау есебінде тұрған адамдармен жеке-жеке сұхбаттасулар және әйелдердің жанын түсіну жолдарын қарастыратын, уақытылы көмек беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында жәбірленуші әйелдерге психологиялық көмек көрсетілді.
 Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша, тұрмыста құқық бұзушылық жасаған  2  тұлға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, аудандық сот арқылы 2 тұлғаға қатысты  3 ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, мінез құлқына  ерекше талап белгіленді.
 Сонымен бірге, кәмелетке толмаған балаларының беймезгіл уақытта яғни 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз жүруіне жол берген 2 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442бабы 2-бөлігімен әкімшілік шара қабылданса, бала тәрбиесіне немқұрайлық танытатын 2 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің  127-бабы 1-бөлігімен шара қабылданды.
          Біз зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған кез келген тәсілмен ден қою арқылы отбасы тұрмыс саласында жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату үшін  бірлесіп әрекет етуге шақырамыз.
Отбасындағы зорлық-зомбылық Сіздің өміріңізге ғана емес жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан мұндай фактіні жасырмай полицияға дереу хабарлаған жөн.
Г.Есенжолова,
Арал АПб ҚҚб ОТЗЗҚКт-ның инспекторы,
полиция майоры
16 ақпан 2026 ж. 152 0