«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы
![](/uploads/posts/2022-01/1643625596_bez-nazvaniya.jpg)
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сонымен қатар ақпараттық-насихаттау болып табылады. Жедел алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторларының қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыстар жандандырылып, мекенжайлары бойынша тексеріс жүргізіледі.
Иә, отбасына деген әрбір жанның жауапкершілігі қоғам алдында емес, өзінің ар-намысы алдында үлкен мәнге ие болуы керек. Тұрмыстық қақтығыстарда шектен тыс озбырлықты есептемегенде, моральдық-психологиялық соққының өзі отбасын ойрандауға жетіп жатыр. Бұл тұрғыда азаматтардың өз жақынына жанашырлықпен қарап, қажетсіз жерде білектің күшіне сеніп озбырлық әрекеттерге баруының соңы көп жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартумен шектеледі. Қазіргі таңда өтіп жатқан «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы осындай әрекеттердің алдын алу мақсатында өткізілуде. Бүгінде пәтер және аулаларды аралау барысында әкімшілік учаскелерде профилактикалық маңызы бар, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73, 73-1 (1-1 бөлігі), 73-2 (1-1 бөлігі), 127, 440, 442, 461, 669 (2,3,4-бөлігін) баптары бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау шаралары ұйымдастырылуда.
«Толқын» ақпарат