Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Ішкі істер Министрлігінң және Қызылорда облыстық полиция департаментінің нұсқаулығына сәйкес,  ағымдағы жылдың 15-26қаңтар  аралығында   «Тұрмыс»жедел профилактикалық іс-шарасыөткізілуде.
Іс-шараның мақсаты қылмыстық жағдайды жақсарту, мас күйіндегі ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы келеңсіздіктердің алдын алу болып табылады.
Іс-шараға 38 қызметкер жұмылдырылып, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және полицияның қоғамдық көмекшілерінен бірлескен топтар құрылды.
Іс-шара аясында әйелдер мен балалардың құқықтарының бұзылуының және оларға қатысты кемсітушіліктердің және зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу бағытында, іс-шараға жұмылдырылған топтармен бірге, отбасы тұрмыстық саласында  құқық бұзушылықтар жасаған азаматтардың тұрғын үйлері араланып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары және  профилактикалық бақылау есебінде тұрған адамдармен жеке-жеке сұхбаттасулар және әйелдердің жанын түсіну жолдарын қарастыратын, уақытылы көмек беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында жәбірленуші әйелдерге психологиялық көмек көрсетілді.
Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен 10 жанжал тудыратын азаматқа  әкімшілік шара қабылданса, тұрмыста құқық бұзушылық жасаған  8  тұлға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
Қорғау нұсқамасының талабын бұзғаны үшін 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің  461 бабыменжауапкершілікке тартылып, аудандық сот арқылы 1 тұлғаға қатысты  3 ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, мінез құлқынаерекше талап белгіленді. Ішкілікке салынған 1 азамат араққұмарлықтан еріксіз емдеу мекемесіне  орналастырылды.
Сонымен бірге, кәмелетке толмаған балаларының беймезгіл уақытта яғни 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз жүруіне жол берген 17 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442бабы 2-бөлігімен әкімшілік шара қабылданса, бала тәрбиесіне немқұрайлық танытатын 2 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің  127-бабы 1-бөлігімен шара қабылданды.
Ішкілікке салынған 1 азаматты ата-аналық құқықтан айыру мәселесін қарау үшінқұжаттары кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысына жолданды.
Жүргізілген шаралардың нәтижесінде отбасы тұрмыстық саласында жасалатын қылмыстарға жол берілген жоқ.
Біз зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған кез келген тәсілмен ден қою арқылы отбасы тұрмыс саласында жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату үшін  бірлесіп әрекет етуге шақырамыз.
Отбасындағы зорлық-зомбылық Сіздің өміріңізге ғана емес жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан мұндай фактіні жасырмай полицияға дереу хабарлаған жөн.
 Г.Есенжолова
Арал АПб ЖПҚб ӘЗЗҚт-ның
инспекторы
полиция майоры                                                                     
26 қаңтар 2024 ж. 247 0