Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық өзгерістер – тұрақты дамудың кепілі

Конституциялық өзгерістер – тұрақты дамудың кепілі

Бүгін №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен конституциялық реформалар жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға сала қызметкердері қатысты.
Кездесуде төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А. Сыдыков баяндама жасап, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына, олардың мемлекет дамуы мен басқару жүйесін жетілдірудегі маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Баяндамашы реформалардың басты мақсаты – заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ашық форматта өткен жиында барлық сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы маңызды екені айтылды.
Мұндай түсіндіру жұмыстары ұжым арасында конституциялық реформалардың мәні мен маңызын терең түсінуге және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. Ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
18 ақпан 2026 ж. 163 0