Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерде тамақтану стандартының іске асырылу барысы

Мектептерде тамақтану стандартының іске асырылу барысы

Арал ауданында 1-4 сынып оқитын оқушыларды бір мезгіл тамақтандыру мәселесі толық шешіліп, 2025 жылы 9491 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Ауданда 48 орта мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Перспективалық төрт апталық маусымдық мәзір жаңа тамақтану стандартының 64-тармағына сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасымен келісіліп, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітіледі және қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады.
Мектеп тағамдарына арналған көп нұсқалы перспективалы мәзір балалардың физиологиялық қажеттіліктерін энергетикалық құндылығын ескере отырып құрастырылады. Семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ұсынымдары ескеріледі. Балалардың жас санаттары, маусымдық ерекшеліктері есепке алынады.
Басты мақсат – балаларды қауіпсіз, сапалы және құнарлы тамақтанумен қамтамасыз ету. Бұл тамақтану стандартында балаларды қауіпсіз, сапалы және теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ететін дұрыс тамақтануға қойылатын заманауи халықаралық талаптар ескерілген. Тамақтану стандартының басты артықшылығы – тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту, көкөністер мен жемістерді тұтынуды арттыру және мәзірден табиғи емес тағамдарды алып тастау. Құрамында қанты бар сусындар мен шырындар газдалмаған суға, сүтке, ашытылған сүтті сусындарға, жеміс шайларына, компоттарға, термиялық өңделген қант мөлшері аз жеміс-жидек сусындарына алмастырылған.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамашылық жасауымен 2025жылы жаңадан енгізілген тамақтану стандартының талаптарын іске асыру жөніндегі озық тәжірібені сынақтан өткізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар мониторинг жұмыстарын жүргізеді, яғни Тамақтану стандартының енгізілу сапасын, жеуге жарамсыздық индексінің дұрыс бағалануын қарайды. Жеуге жарамсыздық индексі – бұл тамақтан кейінгі тәрелкелерде қалған тамақ қалдықтары мөлшерінің берілген тағамдардың жалпы көлеміне қатынасы. Егер оның көрсеткіші 30%-дан астам болса мәзірді түзету бойынша шаралар қабылданады.
Осы жұмыс тобы Қызылорда қаласында үлгі ретінде бекітілген 2 білім ордаларында мектеп басшылары, мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерлер мен бракераждық комиссия мүшелеріне жеуге жарамсыздық индексін есептеу жолдарын іс жүзінде көрсетіп, тамақтануды ұйымдастыру барысында орын алып жатқан өзекті мәселелерді анықтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Үлгілік 2 мектепте анықталған жеуге жарамсыз индексін нәтижелері бойынша жұмыс тобымен ұсыныстар әзірленіп, 2026жылға төрт апталық перспективалы ас мәзіріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайтадан жаңа төрт апталық ас мәзірі бекітілді.
Осылайша, тамақтану стандартын енгізу білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын жақсартуға және балалардың денсаулығын жақсартуға негіз болады.
Жұмысшы топпен мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда.
А. САТЕКЕЕВА,
Басқарма басшысы 
19 ақпан 2026 ж. 68 0