Мектеп оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыру жағдайы

Аудан мектептерінде асхана жұмысын ұйымдастыруға биылғы оқу жылында 10 кәсіпкер жұмыс жасауда. Биылғы жылы «Келешек мектептер» ұлттық жобасы аясында Сексеуіл кентіндегі №294 орта мектеп асханасы және Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектеп асханасы ҚР 2014жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар мен хабарламалар» туралы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР «Халық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына және 20-бабының 1-тармағына сәйкес басқарма тарапынан санитариялық қағида талаптарына сәйкестігіне рұқсат құжаттарын алмай, жұмыс жасауда. Сонымен қатар, асханаларда тағам өнімдерінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ 2023жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге асыру мақсатында 9 кәсіпкер 41 мектеп асханасымен «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесімен өндірістік бақылау жүргізу үшін келісім-шартқа отырған, 1 кәсіпкер 7 мектебіне(№18 негізгі мектеп, №237 негізгі мектеп, №281 негізгі мектеп, №77 орта мектеп, №22 орта меткеп, №72 орта мектеп, №68 орта мектеп)өндірістік бақылау жүргізу үшін келісім -шартқа отыруы қажет.
Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын еңгізу бөлігінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ -302/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында қолданыстағы тамақтану стандарттарына түзетулер енгізіліп, (ҚР ДСМ 2025ж 4 наурыздағы №1 бұйрығы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу №35778), бұл түзету 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа берілді. Тамақтану стандарты заманауи, халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген. Мақсаты – балаларды қауіпсіз, сапалы және құнарлы тамақтанумен қамтамасыз ету.
Жаңа стандартқа енгізілген түзетулердің негізгі артықшылықтары:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары ескеріліп, еңгізілген, оның ішінде:
- Қантты күнделікті қабылдау нормасын -25 гр артық қылмау, тұздың күнделікті қабылдау нормасын -5 гр асырмау енгізілген;
- Жемістер мен көкөністерді тұтыну көбейтілді;
- Мәзірден табиғи емес тағамдарды, мөлшерден тыс тұзды және қант қосылған тағамдар алып тасталды; (табиғи тағамдық дәмдеуіштер мен хош иістендіргіштерден (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, зире, насыбайгүл, тәтті, ақ және хош иісті бұрыш, орегано, даршын, ваниль, кориандр, қалампыр, лавр жапырағы, пияз, сарымсақ) қоспағанда құрамында сүт майын алмастырғыштары бар өнімдер (спрэдтер, құрамында сүт бар өнімдер), ет емес ингредиенттері бар ет өнімдері, тәттілендіргіштер, консерванттар, синтетикалық бояғыштар мен хош иістер бар тамақ өнімдері).
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2024жылғы 25 желтоқсандағы №135-нқ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарындағы міндетті бір реттік ыстық тамаққа арналған перспективалық төрт апталық маусымдық ас мәзірі жаңа стандартқа сәйкес өзгертілді, яғни ас мәзірі балалардың физиологиялық қажеттіліктерін, энергетикалық құндылығын (калориялық) ескере отырып құрастырылған, сонымен қатар балалардың жас санаттары, маусымдық ерекшеліктерін (қыc-көктем, жаз-күз), сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген, семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары ескерілген. Бұл ас мәзірі әрбір оқушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
А.Сатекеева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы
Фото: Нұрболат Нұржаубай