Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығы

Жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығы

Президент жолдауында оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектептердің санитариялық-техникалық жағдайын жақсарту керектігін, оның ішінде, ең бірінші кезекте апаттық жағдайда тұрған мектептерді қалпына келтіруді және оқушылардың үш ауысымда оқуын жоюды тапсырғаны белгілі. Жекелеген мектептердің апаттық жағдайда тұруы және оқушылардың үш ауысымда оқуы ата-аналардың тарапынан  алаңдаушылық тудырған болатын. Ауданымызда осы мәселелерді жою мақсатында біршама жұмыстар атқарылып,  апатты деп танылған мектептер қалпына келтірілді,үш ауысымда оқып жатқан балалар жоқ.

Биылғы жылы аудандағы Мойнақ бастауыш мектебі бала санының  жетіспеуіне байланысты жабылды, аудан бойынша жалпы білім беретін мектептер саны - 48, 1 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, оның ішінде қаладағы мектеп саны - 10, елді-мекендегісі - 39. 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша барлығы 17599 оқушы білім алып тәмамдады. Аудан көлеміндегі 18 мектеп пен облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушылары - 1 ауысымда, 29 мектептің оқушылары - 2 ауысымда оқиды, 3 ауысымда оқитын мектеп жоқ, 3853 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Аудан бойынша апаттық жағдайда тұрған білім беру ұйымдары жоқ.
Аудандағы бірсыпыра мектептерге соңғы жылдары жаңадан ғимараттар салынса, кейбір мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Арал қаласында орналасқан былтырғы жылы құрылысы басталып, аяқталған №71 мектеп-интернат (200 орындық оқу корпусы, 100 орындық жатақхана) 2022-2023 жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Жаңа мектеп 100 пайыз жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілген. Басқарма тарапынан санитариялық қағида талаптарына сәйкестігіне ғимаратқа және мектеп жанындағы медициналық пунктіне халықтың санититариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағида талаптарына сәйкестігіне оң қортынды берілді.
Сонымен қатар, Арал ауданы, Тоқабай елді мекенінде орналасқан № 248 орта мектебінің ғимараты оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің денсаулығына және өміріне өте қауіпті саналып, апаттық деп танылғаннан кейін, өткен 2021-2022 оқу жылы оқушылар әкімшіліктің қауіпсіз ғимаратына көшіріліп, білім алды. Үстіміздегі жылдың маусым айында мектеп ғимараты мердігер «Өмірзақ» ЖШС-мен бұзылып, қайтадан 100 орындық мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, алдымыздағы қараша айына беру жоспарланған.  
Бейімделген ғимараттарда орналасқан №58 Жалаңаш, №69 Сапақ орта  мектептеріне жаңа ғимараттар салуды, сонымен қатар ауданымыздағы 3 мектеп  жанындағы интернат ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді. 
Оқушыларға қажетті медициналық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы білім беретін мектептердің барлығында медициналық кабинет қарастырылып, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда ауданымыздағы 44 жалпы білім беретін оқу орындары 3 дәрігер, 64 аяжанмен толық қамтамасыз етілген. Алғашқы көмек көрсетуге барлық мектеп жанындағы медпункттер медициналық лицензия алған.
Ауданымыздағы 49 білім беру мекемелері толық ауыз сумен қамтамасыз етілген. Әр мектепте 3-10 данадан диспенсер қаралған. Ауыз сумен келісім шартқа отырып, үздіксіз жеткізіліп отыру мәселесі шешілген.
Ауданда лас су тазалау үшін №281 мектепте ассенизациялық автокөлік қаралған, қалған барлық мектептер мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізіп, Сексеуіл кенті мен Бөген елді мекенінде тұратын 2 жеке кәсіпкермен келісім шартқа отырған.
Ыстық тамақ беру асханасы жоқ, тек ауданымыздағы апаттық деп танылған Тоқабай ауылындағы №248 орта мектеп пен 3 бастауыш мектептерде қарастырылмаған. 3 бастауыш мектептердегі 51 балаға құрғақ тамақтар берілді. Қазіргі таңда 44 мектепте міндетті оқу қорынан 3853 бала және №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатта 172 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Аудан көлеміндегі білім беру мекемесінде жұмыс жасап жатырған барлық педогогтар мен техникалық қызметкерлер өз уақыттарымен 100 пайыз кезекті дәрігерлік бақылаудан өткен.
 Елбасы үнемі білім бәсекесіндегі қабілеттілік туралы айтып келеді. Білімді ұрпақтың ғана бақыты мол, ырысы шалқар болмақ. Ал заман талабына сай мектептен білім алып шыққан өрен ертең-ақ елге тұтқа болатын азаматқа айналатыны хақ.

А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басшысы
29 тамыз 2023 ж. 336 0