Жаңа оқу жылы: дайындық қалай?
Соңғы жылдары аудандағы бірқатар мектеп жаңаланып, қолданысқа берілді. Білім саласына жасалған қамқорлықтың арқасында өңірдегі білім ұялары талапқа сай түледі деуге болады. Қазіргі таңда аудандағы жалпы білім беру нысандарының 96 процентке жаңаланғанын айта кетейік.
Елбасы әуелі апатты мектептерді қалпына келтіруді және үш ауысымда оқытуды жоюды тапсырғаны белгілі. Әрі бұл жағдай бүгінде ата-аналардың да алаңдаушылығын тудырып отыр. Сондықтан да өңірімізде апатты мектептерден, 3 ауысымда оқытудан арылудың жан-жақты жолы қарастырылып, көптеген апатты мектеп қалпына келтіріліп, 3 ауысымда оқыту жүйесі жойылуда.
2019-2020 оқу жылында ауданда санитариялық талаптарға сәйкес болмай тұрған №231 орта мектепке100 орындық қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына пайдалануға берілмекші. Бұл қуанарлық жағдай, яғни ауданда тығыздық (3 ауысымда оқу ) қаупі жойылады деген сөз.
Сондай-ақ қаладағы №71 орта мектептің көне ғимаратын жаңа ғимаратпен ауыстыру мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Қазіргі таңдабұл құрылысты бастау қолдау тауып, мектептің жобалық-смета құжаттамаларына 16 миллион теңге қаржы бөлініп, құжаттары толық дайындалып, жері белгіленіп, қазығы қағылған. Таяу күндері құрылыс жұмыстарын бастау межеленуде, яғни келешек бұл құрылыс пайдалануға берілсе, ауданда апаттық жағдайдағы мектептер болмайды.
Жаңа оқу жылына аудан мектептерінің 96 пайызы санитариялық қағида талаптарына сәйкестегі туралы санитариялық –эпидемиологиялық қорытындыларымен дайын болды.
Аудан оқушыларына берілетін тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы 49 білім беру нысаны, 19 шағын орталық, 9 мектеп-интернат және 44 мектеп асханасы мен мектеп жанындағы 25 жеке буфет «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесімен өндірістік бақылауға отырып, тағамның қауіпсіздігі 100 пайызға қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар жаңа оқу жылына жалпы білім беретін 44 мектептің 11 кәсіпкері жалға алған асханаларының 97,7 пайызы және 25 мектеп жанынан жалға алған 25 жеке кәсіпкердің буфеттерінің96 пайызы санитариялық қағида талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларымен дайын.
Қорыта келе, Елбасы үнемі білім бәсекесіндегі қабілеттілік туралы айтып келеді. Білімді ұрпақтың ғана бақыты мол, ырысы шалқар болмақ. Ал заман талабына сай мектептен білім алып шыққан өрен ертең-ақ елге тұтқа болатын азаматқа айналатыны анық.
А. Сатекеева,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы