Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ДЕП ТАНЫЛҒАН ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

АУДАНДА АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ДЕП ТАНЫЛҒАН ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Ауданындағы 2 апатты үйдегі 27 отбасы үшін жекеменшік үйлер салынды.Биылғы жылдың 17 наурызында Арал ауданындағы 
Т. Жароков көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта төтенше жағдай орын алған болатын. Келесі күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ауданға арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, жақын арада 19 пәтердің орнына көп пәтерлі үй емес, жекеменшік жаңа үйлер салынатынын айтқан еді.
Сондай-ақ, Арал қаласында Аралтұз көшесіндегі 8 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй де апатты жағдайда болатын. Жоғарыда аталған отбасылармен бірге бұл тұрғын үйдің иелеріне де жаңа баспана берілді. Осылайша, Арал ауданындағы апатты үйлер мәселесі толық шешімін тапты.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов тұрғындарға жаңа үйдің кілттерін табыстап, қоныс тойларымен құттықтад
ы.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 859 0