Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспанаға жол ашатын бастама

Баспанаға жол ашатын бастама

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланғандығынан баршамыз хабардармыз. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру міндеттерін қамтыған бұл бастаманың елге берері көп.
Бүгінгі таңдағы күрделі мәселелердің бірі болып саналатын тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жайында өз үндеуінде Елбасы:
–Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр. Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек, – деп атап көрсетті. 
Осыған орай ауданда көптеген келелі істер атқарылып жатыр. Соңғы жылдары қарқын  алған осы бағыттағы жұмыстар елдің назарында. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Үстіміздегі жылы баспана қиындығын шешу жолында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаладағы жаңадан ашылған 5 мөлтек ауданның егжей – тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге 57 910 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, осы бағдарлама негізінде Арал қаласына кіре беріс тұстағы 2 мөлтек ауданнан 2 қабатты 8 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлер салу жұмысы да биылғы жылдың жоспарында бар. Қазірдің өзінде осы үйлердің алғашқысының жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, ҚР инвестициялар және даму минситрлігі, құрылыс, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тапсырылды. Егер осы жоба қолдау табар болса, осы типтес 10 үй бой көтеріп, тұрғындар игілігіне берілетін болады.
О. ЖОЛДАСОВ
13 наурыз 2018 ж. 2 889 0