Аралда 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудан бюджетінен өткен жылы Жалаңаш елді мекеніндегі №58 орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9,7 млн теңге, ҰБТ-ның жаңа форматына әзірлік жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның мектеп бітірушілерін дайындауға 11,7 млн теңге қаржы бөлінді.
2017 жылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы 20 мектепке бейне-бақылау камералары орналастырылды.
«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы жалпы саны 4571 бала балабақшамен толық қамтылып отыр.
Өткен жылы ауданбойынша жалпы орта білім беру ұйымдарынан 746 түлек оқу бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектеріміздің жинаған орташа балл көрсеткіші 82,76 құрап, қорытындысымен ауданымыз Қызылорда қаласы мен аудандардың бөлінісінде ІІІ орынға ие болды. 39 «Алтын белгі», 9 «Үздік аттестат»иегерлері анықталды.
Пәндік олимпиадабойынша, Арал қаласындағы №83 ортамектептің химия пәнінің мұғалімі Махамбетжанова Назгүл бас жүлденіжеңіп алып, автокөлік иеленді.