ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Аралау барысында аудан басшысы ат басын бұрған білім беру мекемелеріндегі қызметкерлермен кездесіп, алдағы кезеңге бей-жай қарамай, аса жауапкершілікпен жұмысқа кірісу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ бірінші кезекте бала денсаулығының қауіпсіздігі үшін талап етілетін сақтық шараларын қатаң сақтауды тапсырды.
Атап өту қажет, аудан бойынша 2020-2021 оқу жылында 49 мектепте 17458 оқушы оқиды деп жоспарлануда. Оның ішінде 1 сыныпқа – 1737 оқушы қабылданбақ.
Жалпы 1-4 сынып бойынша 7092 оқушының 83,46 пайызы кезекші сыныптарға қамтылса, дистанционды форматта оқитындар саны 1173 оқушы.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

