7000 мыңға жуық қызылордалық оқушы биыл жаңа мектепте оқуын жалғастырады

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 3000 орындық 5 жаңа мектеп пен 4 мектепке қосымша құрылыс ғимараты салынып, биыл пайдалануға беру жоспарлануда», - деді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаратайұлы.
Сонымен қатар, алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 300 орындық 21 мектеп пайдалануға беріледі.