Жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығы

Аудан бойынша апаттық жағдайда деп танылған Арал ауданы, Тоқабай елді мекенінде орналасқан №248 орта мектеп 2020-2021 оқу жылында қауіпсіз ғимаратқа көшірілген болатын. Қазіргі таңда жаңадан бой көтеріп жатқан Тоқабай елді мекеніндегі 100 орындық №248 орта мектеп құрылысы жүргізілуде, жаңа оқу жылына А блогы беріледі деп жоспарлануда. Алайда, жаңа ғимаратта құрылыс жұмыстары әлі толық аяқталмаған.
Ақшатау елді мекеніндегі 60 орындық жаңадан ашылатын негізгі орта мектебінің ғимараты жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2024 жылы аудан көлемінде мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 300 орындық мектеп Арал қаласынан қазан айында беріледі деп жоспарлануда. Сапақ елді мекенінен №69 орта мектепке жаңа 100 орындық ғимаратына, Жалаңаш ауылынан №58 орта мектепке 150 орындық жаңа мектеп ғимараттарын салу қажеттілігі туындауда.
Жалғызағым бастауыш мектебі 20 орынға есептелген, оқушы саны - 23. Мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу енді басталуда, жаңа оқу жылына дейін дайын болмайды. Осы оқу жылының І тоқсанын балалардың қауіпсіздігі үшін жаңа оқу жылына ғимарат дайын болмағандықтан, қала орталығындағы №71 мектеп-интернатқа оқыту мәселесін шешудің қажеттігі туындауда.
Ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мен техникалық жағдайына жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін Арал ауданының әкіміне және Арал ауданы бойынша білім бөліміне ұсыныс хаттар жолданды.
Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар 5 тамыз 2021 жылғы ҚР ДСМ №76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта нақты көрсетілген. Аудандағы барлық білім беру ұйымдарына санитариялық қағидада көрсетілген санитариялық талаптардың сақталуын қадағалауды баса айта отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін!
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы