Қызылорда облысында «Мектепке жол» акция аясында 22000 балаға көмек көрсетілді

Айта кетейік, алдағы 3 жылда оқушылар контингентінің өсуі күтілуде. 2020 жылы – 171 200 (8440 оқушыға), 2021 жылы – 177 044 ( 5900 оқушыға), 2022 жылы – 183 500 (6400 оқушыға). Биылғы оқу жылынан бастап қаладағы №4, 12, 187, 217, 278 мектептерге IT-лицей статусы беріліп, информатика және робототехника пәндерін тереңдетіп оқытуды бастады.
Қызылордадағы №2 «Мұрагер», №3, 101, 261, 264, 268 мектептерде оқушылардың тығыздығы жоғары, бастауыш сыныптарда орташа 30-35 оқушыдан сынып комплектілері жасақталған. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 4, 9, 10 сынып оқушылары оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Күрделі жөндеу бойынша Қармақшы, Жалағаш аудандарындағы 3 мектептің оқу ғимаратының ішкі жұмыстары аяқталып, 1 кыркүйек күні сабақтары басталды. Қосымша ғимараттың жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, қазан айында толық аяқталады. Оқушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді. Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі №231 орта мектептің 100 орындық қосымша құрылысы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы №198, 261 мектептердің 350 орынға арналған қосымша құрылыстары қазан айында пайдалануға берілмек. «Жаңа оқу жылында 1450 оқушыға арналған 3 жеке мектеп ашу жоспарланып, оның екеуі қыркүйек айында жұмысын бастады, бірі қараша айында ашылады. Жалпы мектептердегі оқу-тәрбие процесінің қалыпты жүргізілу облыстық білім басқармасының бақылауына алынған», - деп атап өтті басқарма басшысы.