Мектепке жол акциясы жалғасуда

Аудан әкімі М.Оразбаев балалар көңіліне қуаныш сыйлайтын «Жүректен жүрекке» атты ұранымен жалғасқан мектепке жол акциясына қатысты. Айта кету керек, аталған акция дәстүр бойынша 3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында жалғасын табады. Осы кезге дейін түрлі білім ошақтары мен кәсіпкерлердің қолдауы негізінде жалғасып келе жатқан акцияда аудан бойынша барлығы 970 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар және мектеп формалары үлестірілген. Міне, бүгін сол игі бастаманың жалғасы ретіндегі шарада 126 оқушы аудан әкімінің қолынан өздеріне қажетті оқу құралдарын алды.
Мұндай бастамаға мұрындық болған елдегі мекеме ұжымдары мен кәсіпкер азаматтар осылайша дәстүрлі жолды жыл сайын жалғауда. Аталған шарада қайырлы істі қолға алып, көптеген бүлдіршіннің көңіліне қуаныш сыйлап, жомарттығымен елге танылып жүрген азаматтарға аудан басшысы ризашылығын білдірді.
А.Бисенов.