Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балаларды балабақшалар жанында мектепке тегін дайындамақ

Қазақстанда балаларды балабақшалар жанында мектепке тегін дайындамақ

Қазақстандық балабақшалар жанында мектепке дайындық тегін жүргізілмек. Бүгін елімізде 6 жастағы балалардың балабақшалардан шығарылуына қатысты пікір білдірген білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осылай дейді,

Министр елімізді заңында балалардың 6 жастан бастап мектепте білім алатынын атап өтті. Осы себепті ата-аналардың балаларын 6 жастан бастап мектепке бергені жөн, дейді ведомство басшысы. 
"Алайда әр адамның өз ерекшелігі бар екені белгілі. Сондықтан ата-аналардың балаларының мектепке баруға қаншалықты дайын екенін қарағаны дұрыс болар. Десе де бұл ата-анасы өзі қалаған жағдайда баласын мектепке бермейді дегенді аңғартпайды. Өздеріңіз білетіндей, аталған мәселе таяуда ғана заңға енгізілген еді. Бүгінгі таңда министрлік мониторинг жүргізуде", - дейді министр. 
Сонымен қатар Шәмшидинова балабақша жанында мектепке тегін дайындық жүргізілетінін айтты. 
"Мысалы, бала 5 жас 8 айында мектепке дайындықты бастаған жағдайда, ол мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы дайындық бағдарламасын қалай да аяқтауы керек. Бұл орайда тағы бір мәселе туындайды. Тексерушілер келгенде, олар "6 жасар бала не үшін балабақшада жүр" деп ойлайды. Осы себепті қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін, заңды жолын қарастырудамыз", - дейді Күләш Шәмшидинова.

http://stan.kz  

04 маусым 2019 ж. 1 114 0