Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні

15 мамыр — Халықаралық отбасы күні

15 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік ата-аналарды жалпыұлттық жиналысқа қатысуға шақырды. «ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», делінген хабарламада. Айта кетерлігі, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауап алу мүмкіндігіне ие болады.
http://jasqazaq.kz
14 мамыр 2019 ж. 1 260 0