Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бұл әділетсіздік": Балаларын балабақшадан шығарып жатқан ата-аналар министрлікке ашынды

"Бұл әділетсіздік": Балаларын балабақшадан шығарып жатқан ата-аналар министрлікке ашынды

Ақтөбеде балалаларын 6 жастан мектепке бергісі келмейтін ата-аналар бас көтерді. Айтуларынша, балалары бірінші сыныпқа әлі дайын емес. Өйткені, балалары балабақшада мектепалды дайындықтан өтпеген. Соған қарамастан мектепке дейінгі мекеме басшылығы 6 жасқа толған бүлдіршіндерді шетінен балабақшадан шығарып жатыр, дейді ата-аналар.

Ашынған ата-аналар білім министрлігі жылда ойлап табатын жаңа заңдарымен балаларды сынақтан өткізуді доғарсын деп отыр. 
Балаларымыз мектепке баруға психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да дайын емес деген олар білім министрлігінің жылда ойлап шығаратын жаңа заңдарынан шаршадық деп отыр. Сөздерінше, балаларды алты жастан мектепке жібермес бұрын жаңа оқу жылында ата-аналарға ескертіп, мектепалды дайындықтан өткізуі тиіс. Кітап түгілі әріпті дұрыс танымайтын балаларды аяқастынан балабақшадан қуып, қалай бірінші сыныпқа жіберіп жатқандарын түсінбейміз, дейді. 
"Заң сондай, біз заңнан асып кете алмаймыз" деді. Сондықтан міндетті түрде биыл балаларыңызды алып кетіңіздер деп жатыр. Біз қарсымыз. Дайындық тобын әлі өткен жоқ", - деді ата-ана Бақытгүл Жиенбаева. 
Тағы бір ата-ана да дәл осындай пікірде. Тіпті, мұны әділетсіздік деп бағалады. 
"Балаларымызды 1-сыныпқа аяқастынан жіберіп жатыр. Ал балаларымыз дайындықтан мүлдем өткен жоқ. Олай болмайды деп есептеймін. Ол – әділетсіздеу", - дейді ата-ана Шынар Медетова. 
Мектепалды дайындыққа, яғни балабақшадағы үлкен топқа биыл ғана бару керек. Сол үшін жауаптыларға талап-арыздарын да жазып әкелген. Ал 6 жасқа толған балаларды қалайша дайындықтан өткізбегеніне қалалық білім басқармасының басшысы аң-таң.
31 мамыр 2019 ж. 877 0