Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАГЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАГЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

24-29 шілде аралығында Қызылорда облысы білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Eco-Álеm» республикалық жазғы экологиялық лагері өтуде. Бес күн жалғасатын шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Жастар назарын экология мәселесіне аудару және мәселені шешуге ұмтылу. Білім беру, ортақ ой бөлісу және пікір алмасу алаңын қалыптастыру және олардың мүмкіндігі мен талантын қоғамға көрсету.
Эколагерді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Балиева Зағипа Яхияқызы салтанатты түрде ашып, балаларға жылы лебізін білдірді. 
Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова қатысып, лагерь қатысушыларына сәттілік тіледі. 
Экологиялық лагерге 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 130-дан аса балалар мен жасөспірімдер қатысуда. Ортақ ой бөлісуге жиналған оқушылар Аралдағы экологиялық мәселелерді талқылады. 
Лагерь аясында жасұландық оқушылар Арал теңізіне, «Байқоңыр» ғарыш айлағына экскурсия жасап, плогинг, түрлі экологиялық ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтерге қатысуға мүмкіндік алды. Ал, 5 күн бойы қатысушылар қоқысты сұрыптауға бейімделіп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізбек. 
Еске сала кетейік, бүгінде Қызылорда облысы бойынша 98 мың «Жас ұлан» ұйымының мүшесі бар. Бұл облыс бойынша барлық оқушылардың 70%-ын құрайды. 
profile.php
26 шілде 2019 ж. 1 748 0