27 шілде Аралда #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді
Жуырда Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен экилогиялық #TazaQazaqstan акциясы бастау алған болатын.
Кең көлемді республикалық акцияның мақсаты – табиғатымыз бен су қоймаларымыздың ластану мәселесіне барынша көп адамдардың назарын аудару болып табылады.
Осы орайда, Сіздерді осы сенбі, яғни, ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні өздеріңіз тұрып жатқан аумақтарды тазартуға бағытталған экологиялық акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Туған өлкенің тазалығын сақтауда белсенді болайық, ағайын!