Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – қызмет түрлері үшін маңызды құжат

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – қызмет түрлері үшін маңызды құжат

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығы бойынша барлық нысандар эпидемиялық мәні жоғары және эпидемиялық мәні болмашы объектілер болып екіге бөлінеді.
Арал ауданы бойынша барлығы 647 нысан бар, оның ішінде 317 нысан эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар, 330нысан эпидемиялық мәні болмашы нысандар қатарында,оның ішінде балалар мен жасөспірімдер бөлімі бойынша эпидемиялық мәні жоғары 144 нысан (48 мектеп, мектеп-интернат-1, 44 балабақша, 44 асхана, 4 буфет, сауықтыру лагері-1, колледж жатақханасы-1, түзету кабинеті-1), тағам бөлімі бойынша 44 нысан (тұз өңдеу-1, балық өңдеу- 11, нан цехы-5, қоғамдық тамақтандыру орындары- 27), коммуналдық нысандарды қадағалау бөлімі бойынша 34 нысан ( орталықтандырылған су жүйесі-33, көл жағалауы-1), өндірістік нысан-1, емдеу-сауықтыру мекемелері бойынша 94 нысан ( ЕСМ-43, мектеп жанындағы медициналық пункттер-45, стоматология-6). Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз нысандар бойынша барлығы 330 нысан, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер бөлімі бойынша 9 нысан, тағам бөлімі бойынша 256 нысан, коммуналдық нысандарды қадағалау бөлімі бойынша 24 нысан, өндірістік объектілер- 38 нысан, емдеу-сауықтыру мекемелері бойынша 3 нысан бар.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 20-бабының 1-тармағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беретіндігі және осы Кодекстің 82-бабының 2-тармағына сәйкесхалықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының берген актілерін аудан аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындау үшін міндеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар, аталған Кодекстің 24-бабына сәйкес (Денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар) эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметтерінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлама беруі тиіс.
Бұл жөнінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V ҚРЗ-ның 17-бабының 1 тармағында «Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе осы заңда белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті» делінген. Қазіргі таңда аудан бойынша эпидемиялық маңыздылығы жоғары 317 нысанның 297-і ғана санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алған, қалған 20-сы қорытынды алмаған, эпидемиялық маңыздылығы болмашы 330 нысанның 211-і ғана қызметтерінің басталғаны туралы Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына хабарламаларын берген, қалған 119 нысан хабарламаларын бермеген. Сондықтан да, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алмаған және хабарламаларын бермеген нысандар Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасынан қорытындыларын алып, қызметтерінің басталғандығы туралы хабарламаларын беруі тиіс.
Аталған Кодекстің 38 бабының 2 тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алмаған және хабарлама түсірмеген нысандардың жұмыстарына тыйым салуға құқығы бар.
Г. САҚТАҒАНОВА,
бөлім басшысы

Фото: tolqyn.kz
29 ақпан 2024 ж. 299 0