Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің жалпы мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша 2022 жылдан осы кезеңге дейін мемлекеттік қызмет алу үшін "Е - лицензиялау" веб порталы арқылы 86 өтініш түсіп, оның ішінде: эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы 80 өтініш түсіп, 63 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, 17-не дәлелді бас тартылды.
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы – 6 өтініш түсіп, 5-уіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, 1-уіне мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі 121 « А» Байланыс телефоны: тел. (872433) 2-16-44
М. ЖОЛМЫРЗАЕВ,
Арал аудандық СЭББ бөлім басшысы