Аудандағы білім беру объектілерінің жай-күйі

Сонымен қатар қазіргі таңда жаңадан бой көтеріп құрылысы жүріп жатқан Тоқабай елді мекеніндегі 100 орындық №248 орта мектептің жаңа оқу жылына А блогы берілді. Аудан көлеміндегі Жалғызағым бастауыш мектебінің бұрынғы ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп ғимараты санитариялық қағида талаптарына сәйкестендірілді.
2024 жылы қала ішінде орналасқан №62 және №220 мектептердегі тығыздылық мәселесін жою мақсатында №292 «Жәйлі» мектеп ғимараты бой көтеріп, құрылысы аяқталып, қазіргі таңда пайдалануға берілді. Сонымен бірге Ақшатау бастауыш мектебі жабылып, Ақшатау елді-мекенінде жаңадан №291 негізгі мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді.
Аудан көлеміндегі №58 және №69 орта мектептер жаңа мектеп ғимараттарын салуды қажет етеді. Ауданымыздағы 50 мектепте спорт залдар мен спорт алаңдары қаралған, олардыңішінде типтік жобадағы спорт зал 44 мектепте, 6 бейімделген спорт зал Жалаңаш елді-мекеніндегі №58 және Сапақ елді-мекеніндегі №69, Райым елді-мекеніндегі №72 орта мектептерде, №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатта және Жалғызағым, Конту бастауыш мектептерінде орналасқан.
Ауданымыздағы жалпы білім беретін 50 мектептің 43-і типтік шеберханалармен қамтамасыз етілген, қалған №21 Қамбаш, №72 Райым, №263 Шөміш, №58 Жалаңаш, №69 Сапақ елді-мекендерінің мектептерінде және Жалғызағым, Конту бастауыш мектептерінде шеберханаға бейімделген бөлмелер қаралған.
Арал ауданы бойынша 2024 жылы 19 мектеп, атап айтқанда №13,83,220,260,19,20,21,57,61,66,73,82,177,200,231-ші орта мектептер,№281 негізгі мектеп, №14-ші және №62-ші мектеп-лицейлер және №262 мектеп-гимназия жаңа жиһаздармен жабдықталды: 161 тақта, 1155 парта, 84 интерактивті панель, 1 интерактивті тақта алынды.Аудан бойынша жалпы білім беретін 50 мектеп компьютерлермен жабдықталған.
Ауданымыздағы жалпы білім беретін 50 мектеп ішкі әжетханалармен толық жабдықталған. Ішкі әжетханалардың барлығы ыстық және салқын су жүйелеріне, лас су жүйелеріне қосылып, қол жуу раковиналарымен, қол кептіргіш құралдармен толық қамтамасыз етілген.
2025 жылы өндірілетін тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі 31 жалпы білім беретін мектеп, №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, 44 мектеп асханалары мен 4 буфет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесімен келісім-шарт негізінде өндірістік бақылауға отырды.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен 2024жылы мектеп оқушылары арасындағы тереңдетілген профилактикалық тексеру кезінде анықталған аурушаңдыққа талдау жүргізіліп, талдау нәтижесімен аудан оқушыларының профилактикалық тексерулермен қамтылуы өз дәрежесінде жүргізілмегендігі, оқушылардың профилактикалық тексерулерден толыққандығы өтпегендігі анықталды, яғни медициналық тексеруге жататын 17528 оқушының 15873 оқушысы тексеріліп, 91 пайызды құраған, оның ішінде 2282 баласы әртүрлі аурулармен ауырған, 874 оқушы сауықтырылған. Көз аурулары дәрігеріне барлығы 17517 оқушы қаралуы тиіс болса, оның ішінде қаралғаны 11045 оқушы, 63,05% құрап тұр. Тексеру нәтижесімен 218 оқушыда көз аурулары анықталған. Хирург дәрігердің қаралуына жататын 17528 оқушының 10445 оқушысы қаралған, яғни 59,59% құрады, оның ішінде сколиоз ауруы 32 балада, 11 балада басқа хирургиялық аурулар анықталған. Неврапатолог дәрігердің қаралуына жататын 17528 оқушының 10011 оқушысы қаралған, яғни 57,11 % құрап, оның ішінде 14 оқушыда жүйке жүйесі ауруы анықталған. Сонымен қатар стоматолог дәрігеріне барлығы 17528 бала қаралу керек болса, 11994 қаралған, яғни 69 % құрап тұр, оның ішінде 1836 балада ауру анықталған. Басқа мамандарға барлығы 17528 бала қаралуға жатса, 10565 бала қаралған, яғни 60% құрап, 171 балада ауру анықталған. Осы мәселеге байланысты аудан оқушыларының қауіпсіздігін, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, олардың арасында аурушаңдықтың алдын-алу мақсатында Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысына және «Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігеріне «2024 жылға мектеп оқушылары арасында профилактикалық тексеру кезінде анықталған аурушаңдыққа талдау және алдын-алу бағытында іс-шаралар жүргізу» тақырыбында ұсыныс хаттар жолданды және аудан әкімі орынбасарының назарына ұсынылды.
Арал ауданы бойынша 44 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылса, Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектебі мен 2 бастауыш мектепте (Жалғызағым, Көнту бастауыш мектептері) буфеттік тамақ ұйымдастырылып отыр, жаңадан ашылған қаладағы №292 орта мектебімен №291 Ақшатау негізгі мектебі оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Аудан бойынша барлығы 9956 бала ыстық тамақпен және буфеттік тамақпен қамтылса, оның ішінде 1-4 сынып аралығындағы барлық бала саны – 6576 (оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары– 1867), 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасының бала саны – 3380. №248 орта мектепте және 3 бастауыш мектепте (Жалғызағым, Көнту бастауыш мектептері)барлығы 148 оқушы буфеттік тамақпен қамтылуда.
2024 жылы талаптарға сәйкестігіне 11 нысан жоспарланып, тексерумен 100 пайыз қамтылды. Сонымен қатар 2024 жылы прокуратура қаулысымен аудан көлеміндегі жалпы білім беретін 48 мектеп тексерумен қамтылды.
А. САТЕКЕЕВА,
Басқарма басшысы