Мектеп оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыру жағдайы

Тамақтандырудың сапасына бақылау жүргізу жөніндегі мектеп комиссиясы ай сайын жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына және т.б. мониторинг жүргізеді. Білім бөлімі білім беру мекемелері жанындағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия қызметіне бақылау жұмыстарын жүргізеді және оқушыларды тамақтандыруды тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ тағамтану академиясы Ұлттық салауатты тағамтану орталығы әзірлеген «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа ала отырып әзірленген 4 апталық ас мәзірі бекітіліп, сүт өнімдері, жеміс жидектер мен шырындар және балық, құс, ет өнімдерінің мөлшері көбейтілген.
Апта ішінде балық, құс, еттен дайындалған тағамдар дайындалып беріледі. Нормативке сәйкес көкөністер мен жемістер берілумен қатар, көкөністерден салаттар дайындалады. Сүт және сүт өнімдері, әрбір тағамның құнарлылығы оны құрайтын ақуыз, көмірсутегі, май есептелініп нормаға сай берілуде. Бір апта ішінде 1 тағам түрі қайталану фактісі жоқ.
Ата-аналар тарапынан және ыстық тамақты бақылауға құрылған комиссия тарапынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Тағамдар сапалары туралы құжаттарымен беріліп, дайындау технологиясымен сәйкес дайындалып отыр.
Мектеп оқушылары арасында санитариялық ағарту жұмыстарын үздіксіз жүргізу жұмыстары тұрақты бақылауда. Сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігі және көрсететін қызмет көрсетушіге қойылатын талаптар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балаларға тұз, қантты тұтынуды шектеу және дұрыс тамақтану туралы насихаттау жұмыстары жүргізілді. Арал ауданынан «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасы қатарында №64, №262, №59, №20, №231 мектептер бар. Осы жоба аясында, осы мектептерге ыстық тамақ беретін кәсіпкерлер тарапынан тамақ ішетін балалар арасынан асқазан, бауыр, семіздік тағы басқа да есепте тұратын балаларға диеталық тағам дайындалып беріледі.
2023 жылғы 28 мамырдағы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің шығыс №34-14/1270-И тапсырма хаты бойынша Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 7-маусым Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні қарсаңына орай төмендегі іс-шаралар атқарылды: «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-мен, Арал ауданы бойынша білім бөлімімен, Арал аудандық кәсіпкерлер палатасымен, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесімен 01.06.2023 жылғы №49-н/қ, №125, №16, №453-н/қ, №10 бірлескен бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары дайындалынып бекітілді. Онкүндік акцияның өтетіні туралы әлеуметтік желілерде жарияланып, аудан тұрғындарына хабарланды. Іс-шара жоспарына сәйкес аудан көлемінде маусым айының 01-09 аралығында білім беру мекемелерінде, ұйымдасқан ұжымдарда, сауда объектілерінде, адамдар көп жиналатын және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, флешмобтар, акциялар, шеберлік сыныптар өткізілді. Іс-шара «Қауіпсіз тағам таңда!» тақырыбында акциялар жазғы сауықтыру орындарында және кәсіптік білім беру мекемелерінде: №62 Ж. Әбдірашев атындағы мектеп-лицей жанындағы «Балауса» күндізгі тынығу лагерінде, №14 мектеп-лицей жанындағы «Радуга» күндізгі тынығу лагерінде, № 71 мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінде, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында, Арал көпсалалы колледжінде, Арал индустриалды-техникалық колледжінде ұйымдастырылды. Акция барысында лагерьде тынығушы балалар мен тәлімгерлері арасында «Жұқпалы ішек инфекциялары, сальмонеллез, ботулизм, тағамнан улану ауруларының алдын алу шаралары жөнінде» семинар ұйымдастырылды, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Лагерлердің тынығушылары «Қауіпсіз тағам» тақырыбында сахналық көрініс қойып, тақпақтар айтты. Басқарма мамандары, осы аталған лагерь тынығушылары, кәсіптік білім беру мекемесінің қызметкерлері, студенттері, осы тақырыптарға сәйкес флешмобтар ұйымдастырды.
Аудан мектептеріндегі буфеттерде газды сусындар, чипсылар, тез бұзылатын тағамдарды, т.б. өнімдерді сатуға тыйым салынған.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы А.Сатекеева