6 ай мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылды
Арал аудандық сотында азамат М-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, азамат М. «Hyundai Getz» маркалы көлік құралын үздіксіз жалпақ сызықты басып, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарған.
М-ның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен М. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Арал аудандық соты










