Көлікті жолдың қарсы бағытына шығып басқарған

Алайда, Е. Ваз-2114 маркалы автокөлігін жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Е. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Арал аудандық соты