Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқару құқығынан айрыла тұра көліктізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

Басқару құқығынан айрыла тұра көліктізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

(Сурет: ​gov.kz​​​)

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес азамат С. 2020 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, сегіз жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айрыла тұра, ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні көлік құралын басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекетісотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен С. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 196 600 теңге айыппұл салынды.

Арал аудандық соты
24 қараша 2025 ж. 111 0