Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқару құқығынан айырыла тұра көлікті қайта тізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

Басқару құқығынан айырыла тұра көлікті қайта тізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайлықпен қарайтындар да бар.
Мәселен, Арал аудандық сотында көлiк құралын басқару құқығынан айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Ж. 2025 жылдың маусым айында сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра, 23 шілде күні көлік құралын басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Ж. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 137 620 теңге айыппұл салынды.
Арал аудандық соты

Фото: Нұрболат Нұржаубай
11 тамыз 2025 ж. 72 0