МӘМС: жаңа талаптар мен міндеттер
Өңірде медициналық ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары медициналық қызмет көрсетушілермен онлайн және офлайн форматта кездесулер өткізді.Іс-шаралар барысында медициналық қызметкерлерге МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтар, Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндеттері, пациенттермен өзара іс-қимыл нормалары, сондай-ақ жұмыс ұйымдастыруға қатысты өзге де өзекті мәселелер жан-жақты түсіндірілді.Қор филиалының мамандары елде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, медициналық ұйымдардың қызметін бағалауға және халықтың сенім деңгейін көтеруге бағытталған реформалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Олардың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңашылдықтардың іске асырылуы медициналық ұйымдардың жұмыс үдерістерін жетілдіруге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға дайын болуына тікелей байланысты.Негізгі міндет - халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету екені атап өтілді.










