Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді
Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу және тұрғын үй алуға қатысты мәселелерін айтты.
Азаматтардың ішінде ауданның экологиялық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, өз жобасын ұсынған азаматтар да, елге ортақ мәселелерді көтере келген азаматтар да болды.
Аудан басшысы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Тұрғындардың өтінішіне сай жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі











